• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қыркүйек, 2017

Қызылорда облысының жәрмеңкесі  астаналықтарды жарылқады

464 рет
көрсетілді

Өткен демалыс күндері Қызылорда облысы елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді. «Қазақстан» спорт кешенінің алдында екі күн қатарынан өткен жәрмеңкеде азық-түлік, бау-бақша өнімдері арзан бағада сатылды.

Сыр өңірі осымен төртінші рет жәрмеңке өткізіп отыр. Бұл жолы да олар жеміс-жидек, көкөніс түрлерін, балық, ет, күріш, сүт өнімдерін әкеліп, елордалықтарды жарылқап тастады. Әсіресе, Сырдың атақты ақ күріші мен тәтті қауын-қарбызын жұртшылық қап-қабымен әкетіп жатты. 

 Қызылорда облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ерхан Ағыбайдың айтуынша, жәрмеңкеге барлығы 270 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінген. Атап айтқанда, күріш – 75 тонна, жылқы еті – 7 тонна, сиыр еті – 7 тонна, сүт өнімдері – 3,5 тонна, қымыз – 1,25 тонна, шұбат – 1,25 тонна, ара балы - 0,2 тонна, балық – 6 тонна, конфет – 0,5 тонна, көкөніс, қияр, қызанақ – 20 тонна, алма, алмұрт, өрік, банан – 6 тонна, картоп – 6 тонна, сәбіз – 3 тонна, қырыққабат - 15 тонна, сөк, талқан – 1,5 тонна, ас тұзы – 5 тонна, қауын – 60 тонна, қарбыз – 40 тонна, тағы басқа да өнім түрі ұсынылды.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,

«Егемен Қазақстан»